Accessibility links

Шығыс Еуропада "Солтүстік ағын-2" жобасына наразылық күшейіп келеді


"Солтүстік ағын-2" газ желісіне арналған құбырлар
"Солтүстік ағын-2" газ желісіне арналған құбырлар

Шығыс Еуропадағы бірнеше ел Германияны Ресеймен жалғайтын жаңа газ құбыры жобасына қарсылығын тағы да білдірді. Балтық теңізі бойындағы мемлекеттер өз алаңдаушылығын Вашингтондағы кездесуде айтты. Осы Латвия, Литва мен Эстонияның сыртқы істер және қорғаныс министрлері осы аптада АҚШ астанасында америкалық әріптестерімен кездескен.

"Солтүстік ағын-2" жобасы Ресей газын Батыс Еуропаға жеткізуе арналған. Жобаны сынаушылар бұл құбыр Ресейге тәуелділікті күшейтіп, Еуропаның қауіпсіздігіне қатер төндіріп отырған Мәскеудің қарамағындағы мемлекеттік энергетикалық компанияларды байытады дейді.

Ұзындығы 1225 шақырым, құны 11 миллиард долларға бағаланған, бір бөлігі Балтық теңізінің түбімен өтетін "Солтүстік ағын-2" газ құбыры желісінің құрылысы келесі жылы аяқталады деп жоспарланған. Бұл жеке меншік жобаға Shell, ресейлік "Газпром" мемлекеттік компаниясы тәрізді алпауыт энергетикалық кәсіпорындар, сонымен бірге Берлин мен Мәскеу қолдау танытып отыр.

Шығыс Еуропа елдерінің көпшілігі Еуропа Ресей президенті Владимир Путинмен үлкен мәмілелер жасаспауы керек деп санайды. "Қазіргі таңда қауіпсіздік пробемлемалары өзара байланысты болып барады. Қауіпсіздікті ішкі және сыртқы деп, сондай-ақ географиялық тұрғыдан бөлуге болмайды", - дейді Эстония сыртқы істер министрі Свен Миксер.

XS
SM
MD
LG