Accessibility links

ЕҚЫҰ Анкараны сотталған 25 журналисті босатуға шақырды


ЕҚЫҰ-ның БАҚ бостандығы бойынша өкілі Арлем Дезир

Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының (ЕҚЫҰ) БАҚ бостандығы мәселелері бойынша өкілі Арлем Дезир Түркия билігін жақында сотталған 25 БАҚ өкілін босатуға және оларға тағылған барлық айыптарды алып тастауға шақырды.

Наурыздың 8-і күні Стамбул соты қазір АҚШ-та тұратын түрік діни қайраткері Фетхулла Гүленнің қозғалысына қатысы бар деген айып тағылған журналистерді түрлі мерзімге түрмеге қамауға үкім еткен. Үкімге сәйкес, журналистерге екі жылдан жеті жарым жылға дейін түрме жазасы берілген. Сотталған 25 журналистің 18-і қазір қамауда отыр.

Арлем Дезирдің сөзінше, бұл үкім Түркияда баспасөзге аса қатты қысым жасалып жатқанын көрсетеді.

"Тергеу барысында ешқандай дәлел-айғақ ұсынылған жоқ... Сондықтан мен Түркияны журналистерді босатуға және айыптарды алып тастауға шақырамын", - деген Дезир.

Анкара Фетхулла Гүленді Түркияда 2016 жылы жазда мемлекеттік төңкеріс жасауға тырысты деп айыптайды, Гүлен өзіне тағылған айыпты жоққа шығарады.

Түркияда 2016 жылғы шілденің 16-сында болған мемлекеттік төңкеріс жасау талпынысынан кейін бүлікке қатысы бар немесе Гүленнің қоғамдық-діни қозғалысымен байланыста деген күдікпен 47 мыңнан астам адам тұтқындалған. Және мемлекеттік мекемелер мен бюджеттік ұйымдардан жұмыстан босатылған 100 мыңнан астам адамның көпшілігі – мұғалімдер, құқық қызметкерлері, әскерилер, сот жүйесінің жұмыскерлері мен ғалымдар.

AzattyqTV

Денис Тен өліміне қатысы екі күдікті ұсталды
please wait

No media source currently available

0:00 0:02:09 0:00
XS
SM
MD
LG