Accessibility links

Еуроодақтың сыртқы саясат жөніндегі өкілі Киевке келеді


Еуропа Одағының (ЕО) сыртқы саясат жөніндегі жоғарғы өкілі Федерика Могерини
Еуропа Одағының (ЕО) сыртқы саясат жөніндегі жоғарғы өкілі Федерика Могерини

Ресейдің Қырым түбегін аннексиялап алғанына төрт жыл толар қарсаңда, наурыздың 11-і күні Еуропа Одағының (ЕО) сыртқы саясат жөніндегі жоғарғы өкілі Федерика Могерини Украина басшылығымен келіссөз өткізу үшін Киевке келді. Екі күндік сапар барысында ол Украина президенті Петр Порошенко, премьер-министр Владимир Гройсман, сыртқы істер министрі Павел Климкин және уақытша оккупацияланған территориялар министрі Вадим Чернышпен кездеседі деп жоспарланған. Могерини кеңсесі "реформаларды жүзеге асыру үшін маңызды сәтте" өткелі отырған сапар сонымен бірге өткен жылы қыркүйекте күшіне енген, Украина мен Еуроодақ байланысын нығайтатын ассоциация туралы келісіммен байланысты деп хабарлаған.

"[Сапар] Еуропалық Одақтың украин халқы мен оның бұдан да күшті Украина құруға ұмтылысына бұрыннан келе жетқан бейілділігін жаңғыртуға мүмкіндік болады" делінген мәлімдемеде.

2014 жылғы ақпанда Киевте Украинаның мәскеушіл президенті Виктор Януковичті биліктен тайдырған жаппай наразылық шеруінен кейін үстіне ешқандай айырым белгілері жоқ киім киіп, қару асынған ресейлік әскерилер Қырым түбегін бақылауына алған. Сол жылы наурыздың 18-і күні Ресей Қырым түбегін аннексиялауды ресми түрде бекітті. Бұған қоса Ресей сол жылы сәуірде Украинаның шығысында үкімет әскері мен ресейшіл жікшілдер арасында басталған қарулы жанжалға да араласып, сепаратистерге қолдау танытып отыр. Шығыс Украинада төрт жылға жуық жалғасып жатқан жанжал салдарынан 10300-ден аса адам қаза тапқан.

Еуроодақ өкілі кеңсесінің хабарлауынша, Федерика Могерини Украинадағы жергілікті жағдаймен және 2014 жылғы қазанда және 2015 жылғы сәуірде атысты тоқтату туралы қол қойылған Минск келісімдерінің қалай орындалып жатқанымен жақын таныспақ ниетте.

XS
SM
MD
LG