Accessibility links

Оразалин: Төрағалыққа түспейтінімді президентке айттым


Қазақстан Жазушылар Одағының кезекті XV құрылтайы. Алматы, 12 наурыз 2018 жыл.
Қазақстан Жазушылар Одағының кезекті XV құрылтайы. Алматы, 12 наурыз 2018 жыл.

Алматыда Қазақстан Жазушылар одағының кезекті ХV құрылтайы өтіп жатыр деп хабарлайды Азаттық тілшісі. Құрылтай күн тәртібінде жаңа төраға сайлау мәселесі қойылған.

Құрылтайдың ашылуында Қазақстан мәдениет министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы президент Нұрсұлтан Назарбаевтың құттықтауын оқыды.

Одан соң Жазушылар одағының төрағасы Нұрлан Оразалин баяндама жасады. Одақты ұзақ жыл басқарған Оразалин "президент Назарбаевқа жеделхат жолдап, төрағалыққа түспейтінін айтып, алдынан өткенін" мәлімдеді.

Құрылтайға Жазушылар одағының жүздеген мүшесі қатысып отыр.

XS
SM
MD
LG