Accessibility links

Play Market-тен Інжіл жүктеген шымкенттік ақталды


"Заңсыз миссионерлікпен айналысу" айыбы тағылған Дилобархон Сұлтанова. (Оның жеке мұрағатындағы сурет)
"Заңсыз миссионерлікпен айналысу" айыбы тағылған Дилобархон Сұлтанова. (Оның жеке мұрағатындағы сурет)

13 наурызда Шымкенттегі Оңтүстік Қазақстан облыстық мамандандырылған әкімшілік соты "заңсыз миссионерлікпен айналысты" деп айыпталған Дилобархон Сұлтанованы кінәсіз деп тапты.

Биыл 11 қаңтарда "кездейсоқ танысқан әйелге Play Market қосымшасынан Інжіл кітабын жүктеп алу жолын көрсеткені үшін" билік Шымкент тұрғыны Дилобархон Сұлтанованың үстінен әкімшілік заң бұзғаны туралы хаттама толтырған.

Дилобархон Сұлтанованың Азаттыққа айтуынша, қаңтардың 11-і күні оны полицейлер "құжатыңызды тексереміз" деген сылтаумен ұстап, полиция бөлімшесіне апарған. Эльмира Инибекова деген таныс әйел оның үстінен арыз жазғанын Дилобархонға бөлімшеде бір сағат отырғаннан кейін айтқан. Сұлтанова әлгі әйелмен былтыр желтоқсанда католиктердің Рождество мерекесі кезінде "Новая жизнь" протестант шіркеуінде танысқан. Дилобархонның сөзінше, ол Инибекованы екі мәрте ғана көрген, бұдан бөлек онымен WhatsApp қосымшасы арқылы хат жазысқан.

Оқи отырыңыз: Play Market-тен Інжіл жүктегені айыпқа ілік болды

Сұлтановаға қатысты әкімшілік құқық бұзу туралы хаттаманы облыстық Дін істері басқармасына қарасты діни бірлестіктер қызметіне талдау және мониторинг жүргізу бөлімінің бас маманы Әбдувахит Әбсаматов толтырған. Хаттамада "Дилобархон Сұлтанова Эльмира Инибекованы "Новая жизнь" діни бірлестігі қатарына тарту мақсатында "Новая жизнь" діни бірлестігінің идеологиясын таратып, оны Інжіл қасиетті кітабын оқуға үгіттеген" деп көрсетілген.

XS
SM
MD
LG