Ангела Меркель төртінші рет Германия канцлері болып сайланды. Deutsche Welle сайтының хабарлауынша, 14 наурызда Бундестагта өткен дауыс беруде 364 депутат Христиан-демократиялық одағы партиясының жетекшісі Ангела Меркельдің кандидатурасын қолдады.
5 наурызда Германияның жаңа үкіметін құру туралы коалициялық келісім жасалған. Келісімге Ангела Меркель, Христиан-социалистік одағының жетекшісі Хорст Зеехофер мен "Германия Социал-демократиялық партиясы тең төрағасының міндетін атқарушы Олаф Шольц қол қойған.
Жаңа үкіметтің алғашқы отырысы 14 наурызда өтпек.