Accessibility links

ІІД: "Зорланған бала" мен әжесі - бейімдеу орталығында


Шарипа Батырбекова мен немересі. Сарыағаш ауданы, Оңтүстік Қазақстан облысы, 13 наурыз 2018 жыл.

ОҚО Сарыағаш ауданы Абай ауылының тұрғыны Шарипа Батырбекова мен оның "сексуалдық зорлыққа ұшырады" деп сипатталған жеті жасар жиені қазір кәмелетке толмаған балаларға арналған бейімдеу орталығына жеткізілді. Бұл туралы Азаттыққа облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз хатшысы Салтанат Қаракөзова хабарлады.

Қаракөзованың айтуынша, баланың әжесі орталыққа баруға және мемлекет тарапынан берілетін қорғау құқығын алуға келіскен. Бірақ Шарипа Батырбекова мен оның жиенінің адвокаты Бауыржан Азанов: "Олар ешқандай құжатқа қол қоймады, келіспеді" дейді.

14 наурыз күні Батырбекова мен жиенін полиция ұстағаны хабарланған. Жергілікті қоғам белсендісі Дінмұхамед Артықовтың айтуынша, Батырбекова мен оның жиенін сәрсенбі кешкі сағат 20.00 шамасында Шымкент вокзалынан Алматыға жүрейін деп тұрған жерінен 20 шақты полицей күштеп алып кеткен.

13 наурыз күні Сарыағаш ауданындағы Абай ауылында тұратын Шарипа Батырбекова Азаттық тілшісіне жеті жасар жиенін былтырғы тамыз айынан бері жоғарғы сынып оқушылары бірнеше мәрте "ұрып, зорлағаны" туралы жергілікті полицияға дер кезінде шағымданғанымен, тек үшінші рет барғанда ғана арызын қабылдағанын айтқан.

Бұл хабар әлеуметтік желіге кең тарап, жергілікті БАҚ-тың назарына ілініп, әлеуметтің ашу-ызасын тудырып, қатты талқылауға ұласқан.

14 наурызда Шымкентте өткен арнайы брифингте Сарыағаш аудандық білім бөлімінің бастығы Бауыржан Майрихов бұған дейін жүргізілген "сараптама қорытындысы зорлау оқиғасының болмағанын анықтаған" деп мәлімдеген.

Оқи отырыңыз: Билік өкілдері "бала зорлау" дерегін жоққа шығарды

Сол күні облыстық прокуратура "аталған дерек бойынша биылғы жылдың қаңтар айынан бастап Сарығаш ауданының ішкі істер бөлімі сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр" деп мәлімдеді. Прокуратураның ақпаратына сәйкес, тергеу аясында сот психологиялық-психиатриялық сараптамалардың қорытындылары әлі дайын емес.

ОҚО ішкі істер департаменті алдағы уақытта балаға Астанада арнайы экспертиза жүргізілетінін хабарлады.

  • 16x9 Image

    Дилара ИСА

    Дилара - Азаттықтың Шымкенттегі тілшісі. 1986 жылы туған. Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті мен Абай атындағы ҚазҰПУ-ді бітірген.

    "Жас Алаш" газетінде жұмыс істеген.

    Азаттықпен 2012 жылдан бері әріптес.

AzattyqTV

AzatNews 20.06.2018
please wait
Embed

No media source currently available

0:00 0:14:18 0:00

Фотогалерея

XS
SM
MD
LG