Accessibility links

Әкім: "Зорланған баланы" Астанаға алып кетті


Шарипа Батырбекова мен немересі. Сарыағаш ауданы, Оңтүстік Қазақстан облысы, 13 наурыз
Шарипа Батырбекова мен немересі. Сарыағаш ауданы, Оңтүстік Қазақстан облысы, 13 наурыз

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев Сарыағаш ауданында "жоғары сынып оқушылары зорлады" деген 7 жастағы баланың Астанаға жіберілгенін хабарлады. Әкім бұл жайында 15 наурызда Шымкентте облыс әкімдігінде өткен жиында айтты.

Әкімнің сөзінше, "зардап шеккен бала" Астанаға тексеру жүргізілу үшін жіберілген. Ол кешеден бері республикалық мониторинг тобының өкілдері тиісті жұмыс істегенін, бала құқығы жөніндегі уәкіл Зағипа Балиеваның да Шымкентке келіп, баламен сөйлескенін айтты.

Бала құқықтары жөніндегі уәкіл, депутат Зағипа Балиева 15 наурызға қараған түні Шымкенттегі ОҚО ішкі істер департаментінің ғимаратының алдына шығып, журналистерге сұхбат берген. Сұхбатында ол Сарыағаштағы "зорланған балаға" қайтадан кешенді және тәуелсіз сот-медициналық сараптама жүргізілетінін мәлімдеген.

13 наурыз күні Сарыағаш ауданындағы Абай ауылында тұратын Шарипа Батырбекова Азаттық тілшісіне жеті жасар жиенін былтырғы тамыз айынан бері жоғарғы сынып оқушылары бірнеше мәрте "ұрып, зорлағаны" туралы жергілікті полицияға дер кезінде шағымданғанымен, тек үшінші рет барғанда ғана арызын қабылдағанын айтқан.

Оқи отырыңыз: Билік өкілдері "бала зорлау" дерегін жоққа шығарды

Бұл хабар әлеуметтік желіге кең тарап, жергілікті БАҚ-тың назарына ілініп, әлеуметтің ашу-ызасын тудырып, қатты талқылауға ұласқан. 14 наурыз күні Батырбекова мен жиенін полиция ұстағаны хабарланған. Жергілікті қоғам белсендісі Дінмұхамед Артықовтың айтуынша, Батырбекова мен оның жиенін сәрсенбі кешкі сағат 20.00 шамасында Шымкент вокзалынан Алматыға жүрейін деп тұрған жерінен жиырма шақты полицей күштеп алып кеткен.

XS
SM
MD
LG