Accessibility links

Астанада Орталық Азия елдері басшылары кездеседі

Орталық Азия басшылары: (жоғарыдан солдан оңға қарай) Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков, Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев, Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон, Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев.

Астанада 15 наурызда Орталық Азия (ОА) елдерінің мемлекет басшылары саммитке жиналып жатыр. Саммитке Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Тәжікстан президенттері және Түркіменстаннан парламент спикері бастаған делегация қатысады. Кездесу қорытындысы бойынша мемлекет басшылары бірлескен мәлімдеме қабылдайды деп жоспарланған.

Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон Астанаға 14 наурыз күні ресми сапармен келген. Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев Астанаға бүгін жұмыс сапарымен келді. Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбековтің баспасөз қызметі президенттің бүгін Астанаға ұшып кеткенін хабарлаған.

Оқи отырыңыз: Кремльсіз өтетін "стан"- саммит

14 наурыз күні Өзбекстан президентінің баспасөз қызметі Орталық Азия елдері басшыларының кездесуі "Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияевтің ұсынысымен өтетінін" және Қазақстан басшылығы оны Астанада өткізуге ұсыныс жасағанын хабарлаған.

XS
SM
MD
LG