Accessibility links

Назарбаев Астанада Бердімұхамедовтің ұлымен кездесті

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Түркіменстан парламенті комитетінің төрағасы, осы ел президенті Гурбангулы Бердімұхамедовтің ұлы Сердар Бердімұхамедовпен кездесіп отыр. Астана, 15 наурыз 2018 жыл.

Кездесуде Сердар Бердімұхамедов Назарбаевқа Түркіменстан президенті жолдаған сәлемін жеткізген. Назарбаев Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедовке сәлем жолдап, қызметіне табыс тілеген.

Сердар Бердімұхамедов Астанаға 15 наурызда Орталық Азия елдері мемлекет басшыларының кездесуіне Түркіменстан парламентінің спикері Акджа Нурбердыева бастаған делегация құрамында қатысуға келген.

Қазақстан президенті Орталық Азия елдері басшыларының кездесуі қарсаңында Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан басшыларымен жеке кездескен. Назарбаевтың Түркіменстан парламентінің спикері Акджа Нурбердыевамен жеке кездеспеген.

XS
SM
MD
LG