Accessibility links

"Пара алу үстінде" ұсталған Жетісай экс-әкімі сотталды


Оңтүстік Қазақстан облысының картадағы орны
Оңтүстік Қазақстан облысының картадағы орны

Оңтүстік Қазақстан облыс Жетісай қаласының экс-әкімі, "200 мың теңге пара алды" деген күдікке ілінген Байдуалы Базарбаевқа Мақтарал аудандық соты үкім шығарды.

Аудандық сот судьясы Сейілхан Мұсабековтің Азаттыққа хабарлауынша, экс-әкім Қылмыстық кодекстің 366-бабы 2-бөлігімен ("Пара алу") айыпты деп танылған. "Байдуалы Базарбаев тағылған айыпты толық мойындады. Сот оған 12 миллион айыппұл салды және оны 15 сәуірге дейін өтеуді тапсырды" дейді судья.

Экс-әкім "жұмыс кабинетінде пара алып жатқан жерінде" ұсталған. Үйін кепілге қойып қамаудан босатылған оны жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Мақтарал аудандық басқармасы қызметінен шеттету туралы ұсыныс тастаған. Сот бұл ұсынысты қанағаттандырған болатын.

XS
SM
MD
LG