Accessibility links

Ресей Қырымда әскери жаттығу өткізіп жатыр


Ресейлік әскери көліктер (Көрнекі сурет).
Ресейлік әскери көліктер (Көрнекі сурет).

Ресей қарулы күштері елдің оңтүстігінде, Украинадан аннексиялап алынған Қырым түбегінде және Грузияның жікшіл Абхазия мен Оңтүстік Осетия аймақтарында әскери жаттығу өткізіп жатыр. Жаттығу 19 наурызда – Ресейде президент сайлауы өтіп, іс басындағы президент Владимир Путин қайта сайланған күннің ертеңінде басталды.

Ақпарат агенттіктерінің хабарлауынша, жаттығуға сегіз мың әскери қызметкер, зымыран кешендері, артиллериялық жүйелері мен басқа да қару-жарақ түрлері қатыстырылып жатыр.

Ресей 2014 жылы наурызда Қырым түбегін аннексиялап алғаннан бері аймақта әскери қуатын күшейтіп, бірнеше рет әскери жаттығу өткізген.

Ресей сонымен қатар Мәскеу 2008 жылы Грузиямен болған қысқа мерзімдік әскери жанжалдан соң тәуелсіз деп таныған Абхазия мен Оңтүстік Осетия аймақтарында әскер ұстайды.

XS
SM
MD
LG