Accessibility links

Ауғанстандағы шабуылдан ондаған адам мерт болды


Ауғанстандағы жарылыстардың бірінен көрнекі сурет.
Ауғанстандағы жарылыстардың бірінен көрнекі сурет.

23 наурызда Ауғанстанның Гильманд провинциясының орталығы Лашгаргах қаласындағы жарылыстан кем дегенде о12 адам қаза тауып, 35 адам жараланған. Бұл туралы Азаттықтың Ауған қызметіне жергілікті билік өкілі Омар Завак хабарлаған.

Қаладағы спорт кешендердің бірінде өткен күрес жарысы аяқталып, жанкүйерлер сыртқа шыға бастаған сәтте жанкешті өзі мінген көлікті жарып жіберген.

Жарылысты әзірге бірде-бір ұйым өз мойнына алған жоқ. Бұл - Ауғанстанда осы аптада болған екінші жарылыс. 21 наурызда Кабулда мешіттегі жарылыстан кем дегенде 26 адам мерт болып, 18 адам жараланды.

XS
SM
MD
LG