Accessibility links

Қазақстан футболшылары Венгрияны жеңді


Қазақстан құрамасының ойыншылары жеңіске жеткен сәт. Будапешт. 23 наурыз 2018 жыл.
Қазақстан құрамасының ойыншылары жеңіске жеткен сәт. Будапешт. 23 наурыз 2018 жыл.

Жұмадан сенбіге қараған түні Будапеште өткен жолдастық матчта Қазақстан құрамасы Венгрияны жеңді. Ойын 3:2 есебімен аяқталды. Қазақстан құрамасынан Роман Муртазаев, Бахтиер Зайнутдинов және Еркебұлан Сейдахмет гол салды.

FIFA (Бүкіләлемдік футбол қауымдастығы) рейтингінде Венгрия 50-орында Қазақстан 136-орында орналасқан.

Бұл жолдастық матчқа Қазақстан құрамасын болгариялық маман Станимир Стойлов дайындаған. Ол бір ай бұрын Қазақстан құрамасының бас бапкері болып тағайындалған.

Қазақстан құрамасы 26 наурызда Венгрияның Фельчут қаласында Болгариямен жолдастық кездесу өткізеді.

XS
SM
MD
LG