Accessibility links

Францияда кепілдегі адамға өзін алмастырған офицер қайтыс болды


Қарулы қылмыскер адамдарды кепілге алған сауда орталығы алдында тұрған полиция қызметкерлері. Треб, Франция, 23 наурыз 2018 жыл
Қарулы қылмыскер адамдарды кепілге алған сауда орталығы алдында тұрған полиция қызметкерлері. Треб, Франция, 23 наурыз 2018 жыл

Францияда қарулы қылмыскерді кепілге алған адамын босатып, орнына өзін алып қалуға көндірген полиция офицері Арно Бельтрам ауруханада қайтыс болған. Бұл туралы ақпаратты бүгін Франция ішкі істер министрі Жерар Коллон Twitter әлеуметтік желісіндегі парағында жариялаған.

Le Monde басылымы 45 жастағы Бельтрамның наурыздың 23-і күні кепілдегілерді босату үшін жүргізілген арнайы операция кезінде алған жарақатынан көз жұмды деп жазған.

Бұған дейін француз полициясы терактіге қатысы болуы мүмкін деген күдікпен бір әйелді ұстаған.

Наурыздың 23-і күні Треб қаласында бір адамды атып өлтіріп, автокөлікті айдап алып кеткен 25 жастағы Марокко тумасы көшеде оқ жаудырып, полицияның бір қызметкерін жаралаған. Бұдан соң ол дүкендегі адамдарды кепілге алып, биліктен 2015 жылы күзде Парижде жасалған террорлық шабуылдарды ұйымдастырған Салах Абдесламды түрмеден босатуды талап еткен. Қылмыскермен келіссөз жүргізген полиция офицері Арно Бельтрам оны кепілдегі адамдардың бірін босатып, орнына өзін кепілге алып қалуға көндірген. Кейін арнайы операция кезінде қылмыскерді полиция атып өлтіріп, Бельтрам ауыр жараланған. Осы оқиға кезінде тағы екі адам қаза тапқан.

"Ислам мемлекеті" экстремистік тобы Франциядағы террорлық шабуылға жауапкершілікті алатыны туралы мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG