Accessibility links

Ресейде терроризм айыбымен сотталған Украина азаматы Алексей Сизонович түрмеде азаптауға ұшырағанын мәлімдеген. Бұл туралы Сизонович Украинаның Новосибирскідегі консулы Диана Ивановаға шағымданған. Консул қамауда отырған Сизоновичпен соңғы бір жарым жылда алғаш рет кездескен деп хабарлайды Азаттықтың Украин қызметі.

Консул Диана Иванованың сөзінше, Алексей Сизонович оған өзін Ресейдің Ростов қаласында ұстағаннан кейін абақтыда "қатты ұрып-соғып, электр тоғымен қинағаны" туралы айтқан. Тұтқын қазір үнемі басы сырқырап ауыратынына, денсаулығы нашарлап кеткеніне шағымданды дейді консул.

Ресейдің Солтүстік Кавказ әскери округтік соты 2017 жылғы шілденің 31-і күні Украина азаматы Алексей Сизоновичті 12 жылға бас бостандығынан айырып, ақшалай айыппұл салған. Сот оны Ростов облысы аумағында террорлық шабуыл жасауды жоспарлағаны үшін айыпты деп таныған. Сизонович айыбын мойындаған деп хабарлаған ресейлік басылымдар. Украинаның ресми өкілін 2016 жылы тамызда қамауға алынған Сизоновичке жолықтырмаған.

Алексей Сизоновичке қарсы куәлік бергендердің арасында Украинаның шығысында өзін өзі жариялап алған "Луганск халық республикасының" өкілдері де болған.

XS
SM
MD
LG