Accessibility links

Түркіменстанда парламент сайлауы өтіп жатыр


Түркіменстан Орталық сайлау комиссиясы
Түркіменстан Орталық сайлау комиссиясы

Қазақстанмен көрші мемлекет, Орталық Азиядағы табиғи газға бай ел Түркіменстанда бүгін парламент сайлауы өтіп жатыр. Авторитарлы президент Гурбангулы Бердімұхамедов басқаратын елде парламент сайлауына түсіп жатқан үш партияның өкілдері мен бірнеше тәуелсіз кандидаттың барлығы президенттің жүргізіп отырған саясатына толық қолдау білдіреді.

Кандидаттардың арасында президенттің жалғыз ұлы 36 жастағы Сердар Бердімұхамедов те бар. Ол бұған дейін 2016 жылы қарашада өткен аралық сайлауда алғаш рет депутат болып сайланып, парламент комитетін басқарған. Тәуелсіз бақылаушылар Сердер Бердімұхамедовті биліктегі әкесінің ықтимал мұрагері деп санайды.

Оқи отырыңыз: Президент ұлының билікке өрлеуі

Вашингтонда орналасқан Freedom House үкіметтік емес құқық қорғау ұйымы қаңтар айында жариялаған есебінде Түркіменстанды азаматтық және саяси еркіндіктерді басып-жаншитын әлемдегі "ең нашар" 12 елдің қатарына енгізген.

Батыс бақылаушылары Түркіменстанда осы кезге дейін өткен бір де бір сайлауды әділ және еркін деп мойындаған емес. Биыл ақпанда өткен президент сайлауының ресми қорытындысы бойынша, сайлаушылардың 97 пайызы қолдау білдірген Гурбангулы Бердімұхамедов үшінші мерзімге президент болып сайланған.

Түркіменстан парламентіндегі 125 орынға бұл жолғы сайлауда 284 үміткер тіркелген.

XS
SM
MD
LG