Accessibility links

БАҚ: Қадыров іздеуде жүрген күдіктімен түскен видеосын жариялады


Магомед Хамбиев (сол жақ шеттегі) және Шаа Турлаев (оң жақта). Әлеуметтік желіде жарияланған видеодан скриншот

Ресей құрамындағы Шешенстан республикасының басшысы Рамзан Қадыров тапсырыспен адам өлтіру қылмыстарына қатысы бар деген күдікпен федералдық және халықаралық іздеуде жүрген Шаа Турлаевпен кездескен. Бұл туралы хабарлаған "Новая газета" басылымы Қадыровтың түсіргені деп, "ВКонтакте" әлеуметтік желісінде жариялаған видеотрансляцияға сілтеме берген.

Басылымның жазуынша, Қадыров Турлаевпен Беной ауылында кездескен. Желіде жарияланған бейнетаспада шешен жікшілдерінің бұрынғы командирлерінің кейбірі де көрсетілген. Мәселен, әлгі видеода өзге елдер тәуелсіздігін мойындамаған Ичкерия шешен республикасының президенті Аслан Масхадовқа қызмет атқарған генерал Магомед Хамбиев те жүр. Кадр сыртында сөйлеген дауысы Рамзан Қадыровтыкіне ұқсас кісі әлгі адамдарды "таңдаулылардың ішіндегі үздіктері" деп таныстырады.

Қадыровтың бұрынғы кеңесшісі Шаа Турлаевқа Ресей Мемлекеттік думасының депутаты Руслан Ямадаевты және Шешенстан жетекшісінің бұрынғы күзетшісі Умар Исраиловты тапсырыс бойынша өлтіру қылмыстарына қатысы бар күдікті ретінде іздеу жарияланған. Бұған қоса Турлаев Қадыровтың бітіспес жауы Иса Ямадаевқа, Хасавюрт мэрі Сағидпаша Умахановқа және Норвегиядағы шешен диаспорасының жетекшісі Магомед Очерқажыға жасалған қастандықтарға қатысы болуы мүмкін күдікті саналады.

Ресей құқық органдары Шаа Турлаевқа 2010 жылы іздеу жариялағанымен, бұған дейін полиция "оның жасырынған жерін анықтау мүмкін болмай отырғанын" мәлімдеп келген. Ал енді әлеуметтік желідегі видеоға түсіп қалған Турлаевқа қатысты "Новая газета" басылымы Ресей ішкі істер министрлігіне сауал жолдаған.

AzattyqTV

Құпияға толы Жібек жолы
please wait

No media source currently available

0:00 0:04:12 0:00
XS
SM
MD
LG