Accessibility links

Министр: Жекешелендіру аясында 14 ірі нысан сатылды


Қазақстандағы фабрикалардың бірі (Көрнекі сурет).
Қазақстандағы фабрикалардың бірі (Көрнекі сурет).

Қазақстанда жүргізіліп жатқан жекешелендіру науқаны аясында ірі 14 нысан 61 миллиард теңгеге сатылды деп хабарлады 26 наурызда Астанада үкімет сағатында ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов.

Министрдің сөзінше, сатуға барлығы 21 нысан шығарылған. Олардың 19-ы ұлттық холдингтердің, екеуі – республиканың меншігіндегі нысан. Қазірге дейін 14 нысан сатылып, жеті нысан ҚазМұнайГаз және Қазақстан теміржолы компанияларының IPO бағдарламаларына шығарылған.

Сатылған нысандар араасында республикалық меншіктегі денсаулық сақтау саласындағы екі нысан – Ұлттық ғылыми медициналық орталық компаниясы мен Қазмедтех компаниясы бар. Квазимемлекеттік секторда тоғыз компания сатылған.

Сүлейменовтің сөзіне қарағанда, нысандар баланстағы құнынан 20 пайызға жоғары бағаға сатылған.

2015 жылы күзде Қазақстан билігі дағдарысқа қарсы шара ретінде жекешелендіру науқанын жүргізетінін жариялаған. Қазақстанда 2015 жылдың соңында 2016-2020 жылдарға арналған жекешелендірудің кешенді жоспары қабылданған.

XS
SM
MD
LG