Accessibility links

АҚШ Ұлыбританияда уланған бұрынғы ГРУ офицері Сергей Скрипальдың шуына жауап ретінде 60 ресейлік дипломатты еліне қайтарып, Сиэттлдегі Ресейдің Бас консулдығын жабу туралы шешім қабылдады.

Ақ үйдің мәлімдеуінше, президент Дональд Трамп ондаған ресейлік барлау офицерін АҚШ-тан шығарып, Сиэттлдағы сүңгуір қайықтар базасы мен Boeing компаниясының штаб-пәтеріне жақын орналасқан ресейлік консулдықты жабу туралы тапсырма берген.

Мәлімдемеде "бұл - АҚШ-тың НАТО-дағы және әлемдегі басқа да одақтастарымен бірге Ресейдің әскери саладағы химиялық қаруды Ұлыбритания территориясында қолданғанына жауап" деп көрсетілген.

Бұған дейін Германия бұрынғы ГРУ офицері Сергей Скрипальдың улануына Мәскеудің қатысы бар деген күдікпен ресейлік төрт дипломатты еліне қайтару туралы шешім қабылдағаны хабарланған.

Чехия, Польша, Дания, Франция, Латвия, Литва, Голландия да елден Ресей дипломаттарын шығармақ. Еуропалық кеңес президенті Дональд Туск 14 мемлекет ресейлік дипломаттарды елден шығаратынын, шаралар мұнымен шектелмейтінін айтты. Еуропа одағына кірмейтін Украина ресейлік 13 дипломатты елден шығармақ.

  • 16x9 Image

    Өркен ЖОЯМЕРГЕН

    Өркен Жоямерген 2006 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті журналистика факультетінің бакалаврын, 2008 жылы магистратурасын тәмамдаған. Қызмет жолын "Алматы Ақшамы" газетінен бастаған. Алматы және Астана қалаларындағы бірқатар бұқаралық ақпарат құралдарында жұмыс істеген. Қазір Азаттық Радиосы Астана бюросының жетекшісі. 

    Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуіңізге болады.

Пікіріңіз

Оқырман пікірлері

AzattyqTV

AzatNews 22.05.2018
please wait
Embed

No media source currently available

0:00 0:15:35 0:00

Фотогалерея

XS
SM
MD
LG