Accessibility links

Қазақстанда сауда және ойын-сауық орталықтары тексерілмек


Бақытжан Сағынтаев, Қазақстан премьер-министрі.
Бақытжан Сағынтаев, Қазақстан премьер-министрі.

Қазақстан премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев елдегі сауда және ойын-сауық орталықтарының өрт қауіпсіздігі талаптарына қаншалықты сай екенін тексеруді тапсырды деп хабарлайды Азаттық тілшісі.

"Кемероводағы сауда орталығында болған өрттен 60-тан астам адам қаза тапты, оның 35-і – балалар. Бұл қайғылы оқиға бізге де сабақ болуы тиіс. Ішкі істер министрлігі өрт сөндіру қызметімен және әкімдіктермен бірігіп сауда үйлерінде тексеру жүргізіп, қажетті шараларды жасауы тиіс" деді Сағынтаев Астанада өтіп жатқан үкімет отырысында.

Премьер-министр бұл тапсырманы бірінші орынбасары Асқар Мәминге бақылауға алуды тапсырды.

Ресейдің Кемерово қаласында 25 наурыз күні күндіз "Зимняя вишня" сауда және ойын-сауық орталығында өрт болып, салдарынан ресми мәлімет бойынша, 64 адам қаза тапты. Құрбандар арасында 35 бала бар. Өрттен 40-тан астам адам зардап шекті. Оның 10-ы ауруханада жатыр.

Оқи отырыңыз: Кемероводағы өрттен ондаған адам қаза тапты

26 наурыз күні таңертең өрт толық сөндіріліп, үйінділерді аршу жұмыстары басталған. Өрттен сауда орталығының шатыры ортасына опырылып түскен.

Өрттің неден тұтанғаны әзірге белгісіз.


XS
SM
MD
LG