Accessibility links

Кемероводағы өртте "қазақстандық қаза тапқаны" хабарланды


Павлодар облысының картадағы орны (Көрнекі сурет).
Павлодар облысының картадағы орны (Көрнекі сурет).

Кемероводағы сауда орталығында болған өрттен қаза тапқандар арасында Павлодардың 57 жастағы тұрғыны Марина Баранова да бар деп хабарлады "Время" газеті.

Басылымға бұл ақпаратты Павлодардағы "Павлодар-Водоканал" мекемесі растаған. Мекеменің техникалық-өндірістік бөлімінің басшысы Светлана Андрееваның айтуына қарағанда, Марина Баранова мекемеде 2006 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан. Светлана Андрееваның айтуынша, Марина Баранова демалысқа шығып, Кемероваға балаларына қыдырып кеткен, 2 сәуірде жұмысқа шығуы тиіс болған.

Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі Азаттыққа бұл ақпаратты растамады. Министрлік баспасөз қызметкері Алмас Бүркітбаевтың айтуынша, Кемероводағы өрттен құрбан болғандар арасында Қазақстан азаматтары бары туралы мәлімет әзірге түспеген.

Кемероводағы "Зимняя вишня" сауда және ойын-сауық орталығында өрт 25 наурыз күні күндіз басталған. Ресей Тергеу комитетінің мәліметі бойынша, өрттен 64 адам қаза тапты. Бірақ куәгерлер іс жүзінде құрбандар саны "бұдан әлдеқайда көбін" айтады.

Оқи отырыңыз: Кемероводағы өрттен ондаған адам қаза тапты

XS
SM
MD
LG