Accessibility links

Пекин Солтүстік Корея басшысының Қытайға барғанын жоққа шығарды


Хуа Чунинг, Қытай СІМ баспасөз хатшысы.
Хуа Чунинг, Қытай СІМ баспасөз хатшысы.

Наурыздың 27-сі күні Қытай Сыртқы істер министрлігі Bloomberg агенттігінің Солтүстік Корея жетекшісі Ким Чен Ынның Қытайға барғаны туралы ақпаратын "түсінбейтінін" мәлімедеді. "Егер жаңалық болса, хабарлаймыз", - деді СІМ баспасөз хатшысы Хуа Чунинг Ким Чен Ын сапары туралы ақпаратқа комментариінде.

Хуа Чунинг Қытай Солтүстік Кореямен дәстүрлі достық қатынас орнатқанын да айтты.

Бұған дейін Reuters Пекиндегі куәгеріне сілтеп, солтүстік кореялық жоғары шенді шенеунік бастаған делегация Пекиннен 27 наурыз күні шығып кеткенін хабарлаған.

Дипломатиялық дереккөздердің айтуынша, Солтүстік Кореяның жоғары шенді шенеунігі Пекинге Ким Чен Ынның алдағы уақытқа жоспарланған "бірнеше тарихи кездесуіне" дайындық жұмыстарына байланысты барған.


XS
SM
MD
LG