Accessibility links

Ресейде 28 наурыз өрт құрбандарын аза тұту күні деп жарияланды


Кемеровода сауда орталығындағы өрттен қаза тапқандарды еске алуға жиналған тұрғындар. 27 наурыз 2018 жыл.

Ресейде президент Владимир Путиннің жарлығымен 28 наурыз Кемерово қаласындағы "Зимняя вишня" сауда орталығында болған өрт құрбандарын ұлттық аза тұту күні болып жарияланды.

Бұған дейін Ресейдің бірнеше аймағында Кемероводағы өрттен ондаған құрбан болуына байланысты қаралы күн жарияланған. Кемеровода бүгін құрбандарды еске алу мақсатында аяқ асты ұйымдастырылған акцияға қатысушылар билікті қаралы күнді "қаза тапқандардың саны анықталғанда ғана жариялады" деп кінәлады. Ресми дерек бойынша, өрттен 64 адам қаза тауып, 40-тан астам адам зардап шеккен.


Сейсенбі күні түске дейін Кемерово қалалық әкімдігі алдында митинг өтті. Шараға қатысқандар қайғылы оқиғаға жауаптыларды жазалап, қаза тапқандардың нақты санын айтуды талап етеді. Қаза тапқандардың туыстары мен өрт кезінде сауда орталығында қамалып қалғандар ресми дерекке сенбейді.

"Зимняя вишня" сауда және ойын-сауық орталығында өрт 25 наурыз күні күндіз басталып, 26 наурыз күні таңертең сөндірілген.

Оқи отырыңыз: Кемероводағы өрттен ондаған адам қаза тапты

  • 16x9 Image

    Өркен ЖОЯМЕРГЕН

    Өркен Жоямерген 2006 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті журналистика факультетінің бакалаврын, 2008 жылы магистратурасын тәмамдаған. Қызмет жолын "Алматы Ақшамы" газетінен бастаған. Алматы және Астана қалаларындағы бірқатар бұқаралық ақпарат құралдарында жұмыс істеген. Қазір Азаттық Радиосы Астана бюросының жетекшісі. 

    Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуіңізге болады.

XS
SM
MD
LG