Accessibility links

Орамалды оқушылар ата-аналарының апелляциялық шағымы қанағаттандырылмады


Анасымен бірге мектептен қайтап бара жатқан, орамал тағатын оқушы. Орал, қазан 2017 жыл (Көрнекі сурет.

Астана қалалық сотының аппеляциялық алқасы былтырғы қыркүйек айынан бері мектепке кіре алмай жүрген орамал таққан ондаған қыз бала ата-аналарының заңгері Миржан Ғабдуллиннің шағымын қанағаттандырмады.

Адвокат аппеляциялық шағымда білім және ғылым министрінің міндетті мектеп формасына қойылатын талап туралы бұйрығының 13-тармағын заңсыз деп тануды талап етеді. Бұйрықтың 13- тармағында "мектеп формасына қандай да бір дінге қатысы бар элементтерді қосуға" тыйым салынған.

Астана қалалық сотының аппеляциялық алқасы шағымды бірнеше сағат қарағаннан кейін себебін түсіндірмей оны қанағаттандырудан бас тартты. Шешімнің тек қарарлық бөлігі ғана оқылды. Заңгер Миржан Ғабдуллин Азатыққа кейінірек Жоғары сотқа шағымдану ниеті барын, егер ол жақтан да нәтиже болмаса, онда БҰҰ-ның адам құқықтары туралы комитетіне шағымданатынын айтты.

Ғабдуллиннің сөзінше, ол Қазақстанның батысындағы мектепке кіргізілмейтін қыз балалардың жағдайы қандай екенінен хабарсыз. Өзінің қызы көптен бері Мәскеу мектептерінің бірінде қашықтан оқып жатыр.

- Қызымды Қазақстанда тегін оқытуға мүмкіндігім де, хақым да бар. Бірақ мен қазір баламды ресейлік мектеп бағдарламасымен айына 20 мың теңгеден аса қаржы төлеп оқытып жүрмін. Ата-ана ретінде мен қалай да білім беруге міндеттімін. Басқа мектеп формасы жоқ. Ал Ресейге баруға мүмкіндігім де, құлқым да жоқ, - дейді Миржан Ғабдулиин.

Былтырғы желтоқсаннан бері Астана қаласының Есіл аудандық соты орамал таққан қыздары мектепке кіргізілмеген Батыс Қазақстан облысы ата-аналардың шағымын қанағаттандырмаған. Ал ата-аналардың өзі "міндеттерін орындамағаны немесе лайықты деңгейде орындамағаны үшін" әкімшілік жауапқа тартылған.


Миржан Ғабдуллиннің аппеляциялық шағымында талап білдіруші ата-аналардың Білім және ғылым министрінің 2016 жылдың 14 қаңтарындағы "Орта білім беру мекемелеріндегі міндетті мектеп формасын бекіту туралы" № 26 бұйрығы Қазақстан Конституциясына, Бала құқығы туралы Конвенцияның 30 бабына және елдің "Бала құқығы туралы" заңы мен "Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы" заңына қайшы екені айтылған.

Аппеляциялық шағым түсірушілер жаңа шешім шығарып, Білім және ғылым министрінің бұйрығын заңсыз деп тануды сұрады.

Ата-аналардың талабын қанағаттанрымаған бірінші сот отырысының шешімінде министрдің бұйрығы министрлік құзыретіне сай және Конституция мен мемлекет заңдарына қайшы еместігі айтылған.

Оқи отырыңыз: Ата-аналары орамалды оқушыларды Ресейде оқытпақ

Мектепте орамал тартуға қатысты дау биыл Қазақстаннның бірнеше өңірінде туындаған. Кейбір облыстарда орамал тартатын оқушыларды сабаққа кіргізбей қою оқиғалары да кездескен. Ондаған оқушының ата-анасы орамал тартатын балаларының мектепке кіргізілмеуіне қатысты сотқа шағмданған. Бірақ сот білім және ғылым министрлігі мен мектептің ұстанымын қолдаған.

Пікіріңіз

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG