Accessibility links

НАТО ресейлік жеті дипломатты Брюссельден шығармақ


Йенс Столтенберг, НАТО бас хатшысы. Брюссель, 27 наурыз 2018 жыл.

НАТО альянс аккредитация берген ресейлік жеті дипломатты еліне қайтарып, тағы үш дипломаттың аккредитация беру туралы өтінішін мақұлдаудан бас тартуға шешім қабылдады. Бұл жайында НАТО бас хатшысы Йенс Столтенберг мәлімдеді. Оның сөзінше, НАТО-ның Брюссельдегі тұрақты өкілдігіндегі ресейлік қызметкерлер еліне қайтарылады. Осылайша, НАТО-дағы Ресей өкілдігі қызметкерлерінің саны 30-дан 20-ға дейін азаяды.

Столтенберг ресейліктер Ресей сыртқы барлау қызметінің бұрынғы офицері Сергей Скрипальді улау ісіне байланысты Еуропа елдері мен АҚШ-тың Ресейге қатысты дипломатиялық шарасы аясында қайтарылатынын айтты. "Біз Ресейге өз іс-әрекетіне жауап берілетінін ұқтырамыз" деді Столтенберг. Оның сөзінше, НАТО Ресейге қатысты жалпы саясатын өзгертпейді.

Ресей Сыртқы істер министрлігіндегі дереккөз "Интерфакс" агенттігіне Мәскеу НАТО әрекетіне "міндетті түрде" жауап қайтаратынын мәлімдеді.

НАТО соңғы рет Ресей өкілдігі қызметкерлерін 2009 жылы еліне қысқыртқан. Ол кезде екі дипломат тыңшылық жасады деп айыпталған. Мәскеу бұл айыптауды "ойдан шығарылған" деп атап, жауап шарасы ретінде Ресейдегі НАТО-ның екі қызметкерін аккредитациясынан айырған.

Бірер күн бұрын АҚШ президенті Дональд Трамп ресейлік 60 дипломатты еліне қайтарып, Сиэтлдегі Ресей консулдығын жабуға пәрмен берген. Мұндай шараларды Еуропаның бірнеше мемлекеті де қабылдаған. Германия, Франция және Польша ресейлік төрт дипломатты, Чехия, Литва және Молдова үш дипломатты елден шығаратынын мәлімдеген. Испания, Нидерланд, Дания және Италия екі дипломатты "персона нон-грата" деп жариялаған.

Болгария Ресейдегі елшісін кеңесуге шақыртып алды. Украина ресейлік 13 дипломатты елден шығаратынын мәлімдеді.

Пікіріңіз

Оқырман пікірлері

AzattyqTV

AzatNews18.06.2018
please wait
Embed

No media source currently available

0:00 0:14:19 0:00
XS
SM
MD
LG