Accessibility links

"Мемориалдың" Дағыстандағы бөлімі басшысы соққыға жығылды


"Мемориал" құқы ққорғау ұйымының Дағыстандағы бөлімінің басшысы Сиражудин Дациев соққыға жығылып, ауруханада жатыр. 28 наурыз 2018 жыл.
"Мемориал" құқы ққорғау ұйымының Дағыстандағы бөлімінің басшысы Сиражудин Дациев соққыға жығылып, ауруханада жатыр. 28 наурыз 2018 жыл.

Махачкалада "Мемориал" құқық қорғау ұйымының Дағыстандағы бөлімінің басшысы Сиражудин Дациевті соққыға жығып кетті. Бұл жайында Қақтығыстардың алдын алу және талдау орталығының директоры Екатерина Сокирянскаяға сілтеген "Медиазона" порталы хабарлады.

Сокирянскаяның Facebook-те жазуынша, құқық қорғаушы аурухананың нейрохирургия бөліміне түскен. Сиражудин Дациевті оқыстан арт жағынан келіп басынан ұрған, ол соққыдан жерге құлаған соң аямай тепкілеген. Ол өзін соққыға жыққандардың көлікке отырып, кетіп қалғанын естіген.

Сәуір айында "Мемориалдың" Шешенстандағы бөлімінің басшысы Оюб Титиев тұтқындалған соң Солтүстік Кавказдағы қызметкерлеріне доқ көрсетіле бастаған.

17 қаңтарда белгісіз екі адам Ингушетияның Назрань қаласындағы "Мемориал" кеңсесін өртеген. 22 қаңтарда Махачкалада ұйымның Дағыстандағы өкілдігінің көлігін өртеп кеткен. Келесі күні ұйым қызметкерлерінің телефонына қоқан-лоқы көрсеткен хабарламалар келе бастаған.

Оқи отырыңыз: "Биліктің өзі ұрынған бағыттан бас тартуы қиын болады"

Оюб Титиев есірткі сақтады деп айыпталған. Құқық қорғаушылар мен әріптестері есірткілік затты оны тінтіп, тұтқындаған полиция қызметкерлерінің өздері "әдейі лақтырды" деп біледі. Титиевтің сөзіне қарағанда, өзіне қарсы іс қолдан ұйымдастырылған, ал Шешенстан билігі республикада "Мемориал" ұйымының болғанын қаламайды.

Халықаралық құқық қорғау ұйымдары Ресей билігін Титиевті босатуға шақырған.

XS
SM
MD
LG