Accessibility links

"Васильев ісімен" сотталған Маханов босап шықты


Ақтөбе облысы.
Ақтөбе облысы.

"Ақтөбе" футбол клубының экс-директоры Дмитрий Васильев ақталғаннан кейін кезінде "оның сыбайласы" деп айыпталып, жеті жылға сотталған Ескендірбек Маханов та бостандыққа шығады. Бұл туралы Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі хабарлайды.

Соттың мәліметінше, Ақтөбе облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының экс-басшысы Махановтың өтелмеген жазасын 355 мың теңге айыппұлмен алмастыру туралы сот қаулысы 26 наурыз күні қабылданған.

Ақтөбе облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының экс-басшысы Ескендірбек Маханов қызмет бабын асыра пайдаланғаны үшін 2017 жылы 26 мамыр күні жеті жылға бас бостандығынан айырылған.

Маханов 2016 жылы 28 қарашада қамауға алынған. Тергеу оған қылмыстық кодекстің 189-бабы 4-бөлімінің 2-пункті («сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемденіп алу немесе талан-таражға салу») , 28-бабының 5-бөлімі («Қылмыстық құқық бұзушылыққа сыбайлас қатысушы») , 362-бабы 4-бөлімінің 3-пункті («Билікті немесе лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалану») бойынша айып таққан.

Ескендірбек Маханов Ақтөбе облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы болып 2014 жылғы қараша айында тағайындалған. Ол бұл қызметті 2016 жылдың 23 қарашасына дейін атқарды.

Дмитрий Васильевтің соты
please wait

No media source currently available

0:00 0:00:33 0:00

XS
SM
MD
LG