Accessibility links

Атамбаев биліктегі партияның жетекшісі болып сайланды


Қырғызстан экс-президенті Алмазбек Атамбаев
Қырғызстан экс-президенті Алмазбек Атамбаев

Қырғызстан экс-президенті Алмазбек Атамбаев бүгін Бішкекте Қырғызстан социал-демократиялық партиясының (ҚСДП) 17-съезінде осы ұйымның төрағасы болып сайланды. Бұл туралы журналистерге жергілікті "Бесінші телеарнаның" бұрынғы бас директоры Евгения Берденикова хабарлаған.

Оның айтуынша, съездің күні тәртібінде партияның өткен сегіз айда атқарған жұмысы және партия жетекшісін сайлау туралы екі мәселе қаралған. "Алмазбек Атамбаев партия лидері болып сайланды" деді Берденикова.

Биліктегі ҚСДП съезі жабық өтті. Бұған дейін партия жиыны өтіп жатқан Бішкектегі "Орион" қонақүйіне БАҚ өкілдерін кіргізбегені туралы ақпарат тараған еді. Съезге Қырғызстан аймақтарынан барлығы 190 делегат шақырылған.

1994 жылы тіркелген Қырғызстан социал-демократиялық партиясын оны құру туралы бастама көтергендердің бірі Алмазбек Атамбаев басқарған. 2011 жылы Қырғызстан президенті болып сайлануына байланысты Атамбаев партия басшылығынан кеткелі бері ұйым төрағасының орны бос тұрған.

XS
SM
MD
LG