Accessibility links

Асад әскері Шығыс Ғутаны толық бақылауына алды


Шығыс Ғутаны тастап шығып жатқан қарулы көтерілісшілер. Сирия, 22 наурыз 2018 жыл
Шығыс Ғутаны тастап шығып жатқан қарулы көтерілісшілер. Сирия, 22 наурыз 2018 жыл

Сирия президенті Башар Асадтың әскері Дамаск түбіндегі Дума қаласынан өзге Шығыс Ғута аумағын түгелдей бақылауына алды.Бұл туралы үкімет армиясы басшылығының мәлімдемесіне сілтеме жасап ақпарат агенттіктері хабарлады.

Үкімет күштері соңғы бірнеше жыл бойы көтерілісшілер қолында болған Шығыс Ғутада бірқатар қала-кенттерге қарсы биыл ақпанның соңында Ресей әскери ұшақтарының қолдауымен шабуыл бастаған. Содан бері болған шайқастар мен әуе шабуылдары салдарынан бір жарым мыңға жуық бейбіт тұрған қаза тапқан дейді құқыққорғаушылар. Толық күйреу және тұтқынға түсу қаупі төнген көтерілісшілер билікпен келісімге барған. Қарулы көтерілісшілер отбасы мүшелерімен бірге Шығыс Ғутадан Сирияның солтүстігіндегі Идлиб қаласына қоныс аударған.

Дума қаласын ұстап отырған топ қазір Ресейдің арағайындық етуімен үкіметпен келіссөз жүргізіп жатқанын айтады. Думада әлі ондаған мың бейбіт тұрғын болуы мүмкін деген болжам бар. Президент Башар Асадты жақтайтын әскерилер қалаға шабуыл жасауға әзірміз деп мәлімдеген.

Батыс елдері Дамаск мен Мәскеуді Шығыс Ғутаны бомбалап, бейбіт тұрғындарды қырғынға ұшыратқаны үшін айыптаған. Сирия билігі мен ресейлік әскерилер "терроршыларға" қарсы күрес жүргізіп жатырмыз дейді.

XS
SM
MD
LG