Accessibility links

Қазақстанда сот ұйғарымы бойынша бұғатталған Ratel.kz сайты материалдарын Facebook әлеуметтік желісінде жариялайтын болады. Редакция бұл шешімін Facebook-тегі парақшасында жариялаған.

Басылымның хабарлауынша, Алматының Медеу аудандық соты Ratel.kz сайтының бас редакторы Марат Әсіповке қарсы прокуратураның берген талабын қанағаттандырып, Ratel.kz және Balborsyk.kz домендік атауларын бұғаттау және Марат Әсіповке Ratel.kz талдау порталы атынан материалдар жариялауға бір жылға тыйым салу туралы ұйғарым шығарған.

"Іс жүзінде кәсібімізге тыйым салып, журналистерді зерттеу мүмкіндігінен айыратын соттың бұл ұйғарымына дүйсенбіде шағым береміз" делінген сайттың Facebook-тегі парақшасында жарияланған мәлімдемеде. Сонымен бірге редакция жаңадан Wildratel.com домендік атауын тіркеткені туралы хабарлаған.

Бұған дейін, наурыздың 19-ы күні Ratel.kz сайты "доменді тіркеу ережесін бұзғанына" байланысты Қазақстан аумағында ашылмай қалған соң редакция материалдары басылымның көшірме нұсқасы - Balborsyk.kz сайтында жарияланған. Басылымның негізін қалаушы әрі тұрақты авторларының бірі болған, өткен жылдың соңында дүние салған журналист Геннадий Бендицкийдің атына тіркелген Ratel.kz домені наурыздың 27-і күні марқұмның ұлы Олег Бендицкийдің атына қайта тіркелген.

Редакцияның хабарлауынша, сәуірдің 5-і күні Алматының Медеу аудандық прокурорының Ratel.kz сайты бас редакторына қарсы талабы бойынша соталды тыңдау өтпекші. "Марат Әсіповке қарсы прокуратураның қандай талабы бары сол кезде айқындалмақ" деп жазады басылым.

Азаттыққа бұғатталған сайтқа қатысты Алматының Медеу аудандық прокуратурасынан жексенбі күні комментарий алудың сәті түспеді.

Пікіріңіз

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG