Accessibility links

Шымкентте уланғандар саны жүзге жуықтады


Көрнекі сурет.

Шымкентте балмұздақтан уланғандар саны жүзге жуықтады. Бұл туралы Азаттыққа Оңтүстік Қазақстан облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Мира Сүлеева хабарлады.

- Қазіргі уақытта қолда бар мәліметтерге қарағанда, жүзге жуық адам балмұздақ жеп, уланғанын айтып ауруханаға келді. Барлығы ауруханаға жатқызылды. Олардан анализ алынды. 38 адам ауруханадан шығарылды, - дейді баспасөз хатшысы.

Мира Сүлеева жаппай улану бойынша сараптама қорытындысы әлі шықпағанын, нақты қанша адам балмұздақтан уланғаны сараптама қорытындысынан соң анықталатынын айтады.

2 сәуірде облыс әкімі Жансейіт Түймебаев уланған тұрғындармен жолығып, облыстық мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаментінің жұмысын сынға алып, қоғамдық тамақтандыру орындары тұрғындарға қызмет көрсетуде санитарлық нормаларды қатаң сақтауға міндеттеді.

Балмұздақтан уланған тұрғындар 29 наурыздан бастап жұқпалы аурулар ауруханасына түсе бастаған. Ауруханаға 30 наурызда 41 адам жатқызылған. Аурухана басшылығы жаппай улану дерегіне байланысты санитарлық эпидемиологиялық станцияға шұғыл хат жолдаған. Науқастардың барлығы қаладағы дүңгіршектердің бірінен балмұздақ жегенін айтқан.

Видео: Шымкентте уланғандар саны артып барады

Шымкентте уланғандар саны артып барады
please wait

No media source currently available

0:00 0:01:19 0:00

  • 16x9 Image

    Дилара ИСА

    Дилара - Азаттықтың Шымкенттегі тілшісі. 1986 жылы туған. Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті мен Абай атындағы ҚазҰПУ-ді бітірген.

    "Жас Алаш" газетінде жұмыс істеген.

    Азаттықпен 2012 жылдан бері әріптес.

XS
SM
MD
LG