Accessibility links

Сәтбаевта үй өртеніп, бір адам қаза тапты


Сәтбаев қаласына кіреберіс (Көрнекі сурет).
Сәтбаев қаласына кіреберіс (Көрнекі сурет).

Сәтбаев қаласында үй өртеніп, бір адам қаза тапты деп хабарлайды Қарағанды облыстық төтенше жағдай департаменті. Сәтбаев қаласындағы Весовая кентінде үй өртеніп жатқаны туралы ақпарат төтенше жағдай қызметіне 3 сәуір күні сағат 3:26-да түскен. Өрт сағат 7:41-де сөндірілген. Өрттің неден тұтанғаны әзірге белгісіз.

ТЖД ақпаратына қарағанда, өрт сөндірушілер барғанда сегіз пәтерлі, ағаштан салынған екі қабатты үйдің екінші қабаты мен шатыры жанып жатқан. Сәлден соң үйдің баспалдағы мен аралық жабыны және қабырғасы опырылып құлаған.

"Екінші қабаттағы пәтерде ыс тиіп уланған және күйік шалған 1965 жылы туған ер адам ауруханаға жатқызылды. Осы пәтерден 1989 жылы туған ер адамның мәйіті табылды" делінген хабарламада.

Департамент ақпаратына қарағанда, үйде 19 адам, оның ішінде сегіз бала тұрған. Жергілікті билік органдары үш адамды Жезқазғандағы жатақханаға орналастырған, қалған тұрғындар туыстарының үйіне кеткен.

XS
SM
MD
LG