Accessibility links

Әблязов: Тергеуге қатысуға дайынмын


Мұхтар Әблязов.
Мұхтар Әблязов.

Қуғындағы саясаткер, Қазақстанда тыйым салынған "ҚДТ" қозғалысының жетекшісі Мұхтар Әблязов Азаттыққа Ержан Тәтішев өліміне қатысты тергеуге және сотқа қатысуға дайын екенін мәлімдеді. Ол сотқа Мұратхан Тоқмади келсе ғана отырыстарға видео арқылы тікелей қосылатынын айтады. Әблязов "Тоқмадиге қояр сұрақтарым бар" дейді.

4 сәуірде Қазақстан Бас прокуратурасы "банкир Ержан Тәтішевті өлтіруді ұйымдастырды" деген айыппен Әблязовтің үстінен қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

Әблязов бұл айыптардың барлығын жоққа шығарады. Оның пайымдауынша, Қазақстан билігі одан қанішер образын жасағысы келеді.

- Бұрын алаяқ деді. Кейін қанішер деді. Қазір экстремист деп жатыр. 2012 жылы сәуірде паркке жарылғыш зат жасырды деді. Олардың ойы - мені террорист, қанішер, экстремист, алаяқ етіп көрсету, - дейді Әблязов.

16 наурызда бизнесмен Мұратхан Тоқмәдиді бұрынғы "ТұранӘлем Банк" жетекшісі Ержан Тәтішевті "тапсырыс бойынша атып өлтіргені" үшін 10 жыл 6 айға сотталған. Сотта Тоқмади "Тәтішевті өлтіруге Әблязов тапсырыс берген" деп айтқан.

Оқи отырыңыз: Тоқмәдиді қуған ҰҚК

  • 16x9 Image

    Қазис ТОҒЫЗБАЕВ

    Қазис Тоғызбаев 2008 жылғы қыркүйектен бастап өмірінің соңына, яғни 2021 жылғы 28 ақпанға дейін Азаттықтың Алматыдағы тілшісі ретінде еңбек етті. Азаттыққа дейін оппозициялық "Сөз" және "Азат" газеттерінде, kub.info сайтында тілші болған.

XS
SM
MD
LG