Accessibility links

Батыс елдері: Мәскеу химиялық шабуылды қорғаштап отыр


Сирияның Хан-Шейхун қаласында химиялық шабуылдан зардап шеккен бала. 4 сәуір 2017 жыл.
Сирияның Хан-Шейхун қаласында химиялық шабуылдан зардап шеккен бала. 4 сәуір 2017 жыл.

Германия, Франция, Ұлыбритания және АҚШ Сирияның Хан-Шейхун қаласында химиялық шабуыл жасалғанына бір жыл толғанда Сирия президенті Башар Асад пен Ресейді химиялық қару қолданды деп айыптады. Бұл туралы аталған елдердің сыртқы істер министрлері мен АҚШ Мемлекеттік департаментінің бірлескен мәлімдемесінде айтылады.

Сыртқы істер министрлері мен мемлекеттік департамент Ресейді 2013 жылы алған міндеттемесін орындамады деп айыптайды. Мәскеу ол кезде Дамаскіні химиялық қаруын толық жоюға көндіруге уәде берген. Бұдан соң БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің сарапшылары Сирияда төрт рет химиялық қару қолданылғанына айғақтар тапқан. "Ресей уәдесін орындаудың орнына Қауіпсіздік кеңесінің тергеуін жалғастыруға вето қойды" делінген мәлімдемеде.

2017 жылы 4 сәуірде Идлиб провинциясының Хан-Шейхун қаласында болған химиялық шабуылдан 80-нен астам адам қаза тауып, 550-ден аса адам зардап шеккен. Көтерілісшілер шабуылға Сирия үкімет әскерін кінәлаған.

Башар Асад режимін қолдайтын Ресей 4 сәуірде Сирия авиациясы қаланың шығысындағы улы заты бар снарядтар сақталған қойманы бомбалағанын мәлімдеген. Мәскеудің тұжырымынша, аталған оқ-дәрілер Ирак пен Сириядағы терроршыларға тасымалданған.

XS
SM
MD
LG