Accessibility links

Алматыда журналистика форумы басталды


Алматыда өтіп жатқан "V халықарылық Фараби оқулары аясында ЮНЕСКО білім беру бағдарламасын қолданудағы прогресс: Тұрақты даму парадигмасы" форумы. 5 сәуір 2018 жыл.
Алматыда өтіп жатқан "V халықарылық Фараби оқулары аясында ЮНЕСКО білім беру бағдарламасын қолданудағы прогресс: Тұрақты даму парадигмасы" форумы. 5 сәуір 2018 жыл.

5 сәуірде Алматыдағы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде "V халықарылық Фараби оқулары аясында ЮНЕСКО білім беру бағдарламасын қолданудағы прогресс: Тұрақты даму парадигмасы" атты форум басталды. Форумға АҚШ елшілігі, Британ кеңесі, Ауғанстан елшілігі, Қырғызстаннан және Қазақстандағы журналистика мамандығы бойынша білім беретін оқу орындарының өкілдері келген. Форумға қатысушылардың бірі халықаралық журналист Қуандық Шамақайұлы "Бұл жерде басты мәселе – Қазақ баспасөзінің ақпарат алу мүмкіндігі айтылып жатыр. Ақпаратты бір ғана көзден емес, бірнеше бұлақтан алу мәселесі. Әсіресе қазақтілді журналистикадағы ақпараттың шынайылылығын, бейтараптылығын сақтау, ақпаратты түпкі бұлағынан алу" дейді.

Ұйымдастырушылардың айтуынша екі күнге созылатын форум кезінде журналистика саласындағы білім беру модельдері және оны халықаралық деңгейде қарастыру мәселелері талқыланып, сөз бостандығы, пікір алуандығы жөнінде пікір алмасылады.


XS
SM
MD
LG