Accessibility links

"Иегова куәгерлері" өкіліне рақымшылық жасалды


"Иегова куәгерлері" діни ұйымының өкілі Теймур Ахмедов рақымшылық жасалғаннан кейін ауруханада әйелімен бірге.

Қазақстандағы "Иегова куәгерлерінің христиандық орталығы" діни ұйымының баспасөз қызметі осы ұйымның жолын ұстанушы Теймур Ахмедовке президент Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен рақымшылық жасалғанын хабарлады. 2017 жылы мамырда "діни алауыздықты қоздырды" деген айыппен бес жылға сотталған Ахмедовтің сотталғандығы кешіріліп, қамаудан босатылған.

Ахмедов қазір Алматыдағы онкологиялық ауруханада жатыр. Оған ендігі операция жасалған. Ахмедов 2017 жылдың 18 қаңтарынан бері қамауда болған.

Бұған дейін БҰҰ-ның жосықсыз тұтқындау жөніндегі жұмысшы тобы мен БҰҰ-ның Адам құқығы жөніндегі комитеті Қазақстанды "Иегова куәгерлері" діни ұйымының жолын ұстанушы Теймур Ахмедовті босатуға шақырып, оның қамалуы мен сотталуын заңсыз деп таныған. БҰҰ жұмысшы тобы "Ахмедовтің Азаматтық және саяси құқық туралы халықаралық пактінің 18-бабында кепілдік берілген құқығын іске асырғаны үшін ғана ұсталғанын" айтып, "дін ұстау еркіндігі құқығын пайдаланған және бейбіт әрекет еткенін мәлімдеген.

Қазақстан заңы бойынша, рақымшылықты президент сот үкімі күшіне енген адамның талап арызы бойынша жасайды.

  • 16x9 Image

    Светлана ГЛУШКОВА

    Светлана Азаттықтың Астана бөліміндегі тілші болып 2010 жылдан бастап істей бастады. Жоғары білімді ҚарҰУ-де алған. Жеті жыл қалалық жәнереспубликалық арналарда тілші және редактор ретінде тәжірибе жинаған.

Пікіріңіз

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG