Accessibility links

Юлия Скрипаль: Жағдайым жақсарып келеді


Сергей Скрипальдың Ұлыбританиядағы үйі.
Сергей Скрипальдың Ұлыбританиядағы үйі.

5 сәуірде Юлия Скрипаль есін жиып, денсаулығына қатысты алғаш рет мәлімдеме жасады.

Лондон полициясы жариялаған Юлия Скрипальдың ресми мәлімдемесінде "бір апта бұрын есімді жидым. Күн санап жағдайым жақсарып келеді" деп жазылған.

Бейсенбіде "Россия-1" телеарнасы Юлия Скрипаль Ресейде тұратын немере ағасымен болған телефон әңгімесін жариялады. Онда ол әкесінің де жағдайы жақсы екенін айтқан. Бірақ телеарна дауыстың Юлия Скрипаль тиесілі екенін растай алмайтындарын айтқан. Ал Солсбери ауруханасы бұрынғы ГРУ полковнигі Сергей Скрипальдың әлі де жағдайы ауыр екенін мәлімдеді.

Сергей Скрипаль мен қызы 4 наурызда Ұлыбританияның Солсбери қаласында "Новичок" деп аталатын жүйке жүйесі уымен уланған. Ұлыбритания шабуылды Ресей ұйымдастыруы мүмкін екенін хабарлаған. Осыдан кейін екі елдің қатынасы нашарлап, бір-бірінің дипломаттарын елден шығарды.

2006 жылы Ресейдің бұрынғы тыңшысы 66 жастағы Сергей Скрипаль Ұлыбритания барлауына жұмыс істеді деп айыпталып, Ресейде 13 жылға бас бостандығынан айырылған. 2010 жылы ол АҚШ пен Ресейдің тыңшы алмасуы аясында Ұлыбританиядан саяси баспана алған.

Жаһан жаңалықтары 30.03.2018
please wait

No media source currently available

0:00 0:17:15 0:00

XS
SM
MD
LG