Accessibility links

Danske Bank менеджері Путин туысы ісіне бола отставкаға кетті


Копенгагендегі Danske Bank кеңсесі (Көрнекі сурет).
Копенгагендегі Danske Bank кеңсесі (Көрнекі сурет).

Даниялық Danske Bank банкінің басқарма мүшесі, банктің Балтық елдеріндегі операцияларына жауапты Ларс Морч, БАҚ-та Ресей президенті Владимир Путиннің туысы қаржы ұйымының Эстониядағы филиалы арқылы қаржы жымқырды деген ақпарат жарияланған соң қызметінен босатылды. Бұл туралы банк сайтына сілтеген "МБХ-Медиа" хабарлады.

Бұған дейін бірнеше ақпарат құралы мен Сыбайлас жемқорлық пен ұйымдасқан қылмысты зерттеу орталығы (OCCRP) банктегі дереккөзінің есебіне сілтеп, Путиннің немере ағасы Игорь Путин Danske Bank-тің Эстониядағы бөлімі арқылы қаржы жымқырған болуы мүмкін екенін хабарлаған. Дереккөз банк бөлімі бірнеше компаниямен, оның ішінде Путин отбасы мен Федералдық қауіпсіздік қызметіне" тиесілі компаниялармен жұмыс істеседі деп біледі.

(OCCRP) мәліметінше, банкротқа ұшыраған "Промсбербанктің" директорлар кеңесінің құрамында болған Игорь Путин Lantana Trade фирмасын пайдаланып, Эстониядағы Danske Bank арқылы қаржы жымқырған.

2013 жылы Danske Bank Lantana Trade пен тағы 20 фирманың есепшотын жапқан. Банктің Эстониядағы бөліміне тергеу жүргізіліп жатыр.

OCCRP зерттеуі аясында халықаралық банктер, оның ішінде Dansk Bank арқылы Ресейден 80 миллиард долларға дейін қаржы шығарылған болуы мүмкін екені айтылған.

XS
SM
MD
LG