Accessibility links

Израиль шекарасындағы қақтығыстан тоғыз адам қаза тапқан


Газа секторы мен Израиль шекарасындағы қақтығыс. 6 сәуір 2018 жыл
Газа секторы мен Израиль шекарасындағы қақтығыс. 6 сәуір 2018 жыл

Израиль мен Газа секторы арасындағы шекарада жұма күні болған қақтығыстар салдарынан тоғыз палестиналық қаза тапқан.

Палестиналықтар құрбан болғандардың арасында журналист пен 16 жастағы жеткіншек бар дейді.

Израиль әскерилері палестиналықтарға қарсы жас ағызатын газ шашып, резеңке оқтар қолданған, сонымен бірге, шекараны кесіп өтпек болған және израиль сарбаздарына тас лақтырған палестиналықтарға әскери қарудан оқ атқан. Қақтығыстарға мыңға жуық адам қатысқан, жүздеген палестиналық зардап шеккен деп хабарланды.


Бұл Газа секторын бақылайтын ХАМАС тобы қолдау білдіріп отырған палестиналықтардың "Ұлы оралу маршы" аясындағы осымен екінші акция. Бұған дейінгі қақтығыстар салдарынан 20-ға жуық палестиналық мерт болған.

БҰҰ-ның адам құқықтары жөніндегі мекемесі Израильді күшті асыра қолданды деп айыптап, адамдар құрбан болған оқиғаларға зерттеу жүргізуге шақырған. Израиль өзіне тағылған айыптарды жоққа шығарған.

XS
SM
MD
LG