Accessibility links

Назарбаев халықты Пасха мейрамымен құттықтады


Пасха мерекесіне арнап боялған жұмыртқа

Христиан дінін ұстанушы православтар бүгін Пасха мерекесін тойлап жатыр. Қазақстандағы шіркеулерде сәуірдің 8-іне қараған түні мерекелік құдайға құлшылық ету рәсімдері атқарылды.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев елдегі православие дінін ұстанатын тұрғындарды Пасха мерекесімен құттықтады.


"Барлық конфессия өкілдерінің өзара үйлесімді ықпалдастықта болып, бейбіт еңбек етуі – Қазақстанның басты байлығы. Біз мұны көздің қарашығындай сақтап, әрі қарай дамыта беруіміз керек. Жаңару мен жақсылыққа деген сенімді білдіретін бұл мерейлі мереке қоғамымыздың барлық саласында жүріп жатқан жаңғырумен үндеседі. Жоғары адамгершілікті дәріптейтін Пасха мейрамының мән-маңызы игі істерге жетелеп, біздің өміріміздің гуманистік негіздерін нығайта түседі", - делінген Ақорда сайтында жарияланған президент құттықтауында.

Назарбаев қазақстандықтарға зор денсаулық, бақ-береке мен татулық тілеген.

Ресми дерек бойынша, Қазақстанда православ христиандары саны жағынан мұсылмандардан кейін екінші орында тұр.

AzattyqTV

AzatNews 22.05.2018
please wait
Embed

No media source currently available

0:00 0:15:35 0:00

Фотогалерея

XS
SM
MD
LG