Accessibility links

Ресей: Сириядағы әуе базасына шабуылды Израиль жасады


Израиль әскери-әуе күштерінің F-15 ұшағы (Көрнекі сурет).

Ресей қорғаныс министрлігі Сирияның Хомс провинциясындағы әуе базасына зымыран шабуылын Израиль әскери ұшақтары жасағанын мәлімдеді.

Министрлік таратқан хабарлама бойынша, Израиль әскери-әуе күштерінің екі F-15 бомбалаушы ұшағы 9 сәуірге қараған түні Сирия әуе кеңістігіне енбестен, Ливан аумағынан басқарылатын сегіз зымыран атқан. Бұған дейін де Сирия аумағына әуе шабуылдарын жасаған Израиль бұған қатысты әзірге комментарий бермеді.

Сирияның мемлекеттік ақпарат құралдары Хомс провинциясындағы әуе-қорғанысы күштерінің базасына жасалған зымыран шабуылынан бірнеше адам қаза тауып, жараланғанын хабарлады.

Лондонда орналасқан Syrian Observatory for Human Rights ұйымы шабуылдан үкімет күштерін қолдайтын кем дегенде 14 сарбаздың оққа ұшқанын, олардың арасында одақтас Иран жасақтары да барын хабарлады.

Зымыран шабуылы 7 сәуірде Сирия үкімет күштері Шығыс Ғута аймағының көтерілісшілер бақылайтын Дума қаласында химиялық қару қолданды деген айыптаудан соң жасалып отыр. Оппозиция белсенділері мен жергілікті құтқарушылардың мәліметінше, шабуылдан кем дегенде 40 адам қаза тапқан. Сирия мен оның одақтастары Ресей мен Иран химиялық шабуыл туралы ақпаратты "жалған" деп мәлімдеді.

АҚШ президенті Дональд Трамп пен Франция президенті Эммануэль Макрон телефонмен сөйлесіп, "жантүршігерлік" шабуылға "бірлескен түрде қатаң жауап беруге" уағдаласты.

Пікіріңіз

Оқырман пікірлері

AzattyqTV

AzatNews 22.05.2018
please wait
Embed

No media source currently available

0:00 0:15:35 0:00

Фотогалерея

XS
SM
MD
LG