Accessibility links

Трамп: Сирияға қатысты қатаң шешімді тездетіп қабылдаймыз


Дума қаласында жарылыстардан кейін аспанға көтерілген түтін. Сирия, 8 сәуір 2018 жыл.
Дума қаласында жарылыстардан кейін аспанға көтерілген түтін. Сирия, 8 сәуір 2018 жыл.

АҚШ президенті Дональд Трамп Вашингтон сәуірдің 7-сі күні Сирияның Дума қаласында бейбіт тұрғындарға жасалған ықтимал химиялық шабуылдың мән-жайын анықтап, кінәлілерді "жазалайтынын" ескертті. Ақ үйде сөйлеген Трамп шабуылға қатысты "24-48 сағат ішінде шешім қабылдайтынын" айтты.

Reuters Трамп сөзін аяқтаған соң бірнеше минуттан кейін АҚШ Мемлекеттік департаменті Сирия мен Ресейден Дамаскіден шығысқа қарай ұрыс жүріп жатқан ауданға дәрігерлер мен бақылаушылардың баруына жол ашуды сұрағанын хабарлады.

Reuters агенттігінің сириялық-америкалық медициналық қоғамның және Сирия азаматтық қорғаныс қызметіне сілтеп хабарлауынша, сәуірдің 7-сі күні Шығыс Ғута аймағының көтерілісшілер бақылайтын Дума қаласында ықтимал химиялық шабуылдан кем дегенде 60 бейбіт тұрғын қаза тауып, жүздеген адам зардап шеккен. Ресей мен Сирия химиялық қару қолданылғанына "дәлел жоғын" айтады.

Видео: Ықтимал химиялық шабуылдан соң

XS
SM
MD
LG