Accessibility links

Қырғызстанда Шыңғыс Айтматов орденін тағайындауды ұсынды


Жазушы Шыңғыс Айтматовтың портреті.
Жазушы Шыңғыс Айтматовтың портреті.

Қырғызстан парламентінің бірнеше депутаты әдебиет, кино және өнер саласындағы ерен еңбегі үшін жазушы Шыңғыс Айтматов атындағы орден тағайындауды ұсынды.

Бұл сыйлықпен бейбітшілікті нығайту, адамгершілікті насихаттау және рухани дамуға септігін тигізіп жатқан шетел азаматтарын да марапаттау көзделген.

Бұл бастама Шыңғыс Айтматовтың 90 жылдығы қарсаңында көтеріліп отыр. Орден тағайындауды ұсынғандар Шыңғыс Айтматов қырғыз әдебиетінің символы саналатынын айтады.

Орден тағайындау туралы заң жобасы Жогорку Кеңеш қарауына жіберілді. Қазір Қырғызстанда алты мемлекеттік орден бар. Олар - I, II, III дәрежедегі "Манас", "Құрманжан датқа", "Дәнекер", "Даңқ", "Достық" және "Батыр ана" ордендері.


ЮНЕСКО мәліметі бойынша, Шыңғыс Айтматов - қазіргі заманның ең көп оқылатын авторларының бірі. Оның шығармалары 176 тілге аударылып, әлемнің 128 елінде 100 миллион данамен басып шығарылған. Айтматов шығармалары көптеген елдің мектеп оқулықтары мен жоғары оқу орындарының бағдарламаларына енгізілген.

XS
SM
MD
LG