Accessibility links

Ресей Душанбеге "Скрипаль ісінде" қолдағаны үшін алғыс айтты


Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров пен Тәжікстан сыртқы істер министрі Сироджидин Аслов. Мәскеу, 9 сәуір 2018 жыл.
Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров пен Тәжікстан сыртқы істер министрі Сироджидин Аслов. Мәскеу, 9 сәуір 2018 жыл.

9 сәуірде Мәскеуде Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров тәжікстандық әріптесі Сироджидин Асловпен кездесті. Кездесуде Ресей Тәжікстанға "Скрипаль ісінде" қолдау көрсеткені үшін алғыс білдірді.

Лавровтың айтуынша, Ұжымдық келісім шарт туралы ұйымға мүше басқа елдер сияқты Тәжікстан да Солсберидегі жағдайға байланысты қолдау көрсеткен.

Бұрынғы ресейлік агент Сергей Скрипаль және қызы Юлия 4 наурызда Англияның оңтүстігіндегі Солсбериде ессіз күйінде табылған. 6 сәуірде Солсбери дәрігерлері 66 жастағы Сергей Скрипаль мен 33 жастағы Юлияның жағдайы жақсарып келеді деп мәлімдеген. Ал 10 сәуірде Юлия Скрипальдың ауруханадан шыққаны хабарланды

Лондон Скрипаль отбасын әскери химиялық улы затпен өлтірмек болды деп Ресейді айыптайды. Бұл химиялық зат Совет одағы кезінде "Новичок" деген атпен белгілі болған екен. Мәскеу болса, бұл іске еш қатысымыз жоқ дейді. Бұл оқиға Мәскеу мен Батыс елдері арасында дипломатиялық дағдарысты күшейте түсті.

XS
SM
MD
LG