Accessibility links

Бендицкийдің мұрагеріне Ratel.kz сотына қатысуға рұқсат етті


Ratel.kz ісіндегі судья Гүлмира Бейсенова. Алматы, 10 сәуір 2018 жыл.
Ratel.kz ісіндегі судья Гүлмира Бейсенова. Алматы, 10 сәуір 2018 жыл.

10 сәуірде Алматы қаласындағы Медеу аудандық сотында Ratel.kz сайтының бас редакторы Марат Әсіповтың соты басталды. Шағымды Медеу аудандық прокуратурасы түсірген. Істі судья Гүлмира Бейсенова қарап жатыр.

Прокурордың айтуынша, Ratel.kz сайты тіркеу тәртібін және Қазақстан аумағындағы интернетке шығу ережесін бұзған. Шағымданушының пайымдауынша, сайт орналасқан интернет ресурсы шетелде тіркелген және Ratel.kz есепке тек орыс тілінде ақпарат тарататын сайт ретінде тіркелгенімен қазақша және ағылшын тілінде ақпарат шығарған. Прокурор мұның барлығын заң бұзу деп санап, судьядан Ratel.kz сайтын жабуды сұрады.

Сотқа Марат Әсіпов келген жоқ. Оның орнына адвокаты Лариса Достовалова мен заңгер Әнел Әубәкірова келді. Шағымданушы тараптан Медеу аудандық прокуратурасының прокуроры Әлібек Айтжанов қатысты.

Сотта адвокат Лариса Достовалова судьядан сотты Медеу аудандық сотында емес Алматы қалалық мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында өткізу туралы өтініш білдірді. Адвокаттың ойынша, бұл екі заңды тұлғаның арасындағы дау болғандықтан ауданаралық сотта өтуі тиіс. Сот қорғаушының өтінішін қанағаттандырмады.

Оқи отырыңыз: Балборсықты қудалау

Адвокат Достовалова судьядан Ratel.kz сайтының иесі болған, желтоқсанда қайтыс болған Геннадий Бендицкийдің мұрагерін сотқа қатыстыру туралы өтініш айтты. Сот адвокаттың бұл өтінішін қанағаттандырды. Келесі сот отырысы 17 сәуірде өтеді.

Сәуірдің 2-сінде Алматы Ішкі істер департаменті Ratel.kz және Forbes Kazakhstan журналының редакциясында компьютерлерді тексеріп, құжаттарды тәркіледі. Бірнеше журналистің ұсталғаны хабарланған.

  • 16x9 Image

    Қазис ТОҒЫЗБАЕВ

    Қазис Тоғызбаев 2008 жылғы қыркүйектен бастап өмірінің соңына, яғни 2021 жылғы 28 ақпанға дейін Азаттықтың Алматыдағы тілшісі ретінде еңбек етті. Азаттыққа дейін оппозициялық "Сөз" және "Азат" газеттерінде, kub.info сайтында тілші болған.

XS
SM
MD
LG