Accessibility links

"Балборсықты" қудалау


Журналист Вадим Борейко (сол жақта) Ratel.kz интернет-порталына қарсы прокурордың азаматтық талабы бойынша өткен алдын-ала сот тыңдауы туралы журналистерге сұхбат беріп тұр. Алматы, 5 сәуір 2018 жыл

Ratel.kz сайты мен басылым қызметкерлеріне қарсы қозғалған қылмыстық және азаматтық істердің әдеттен тыс қарқынмен жүргізілуі журналистер мен құқық қорғаушылардың алаңдаушылығын туғызды.

Сәуірдің 5-і күні Алматының Медеу аудандық азаматтық істер жөніндегі сотында судья Гүлмира Бейсенова Ratel.kz (ратель – борсық тұқымдас аң – Азаттық) сайтының бас редакторы Марат Әсіповке қарсы прокурордың түсірген талабы бойынша тараптардың өкілдерімен әңгіме өткізді. Прокурор соттан Ratel.kz желілік басылымын тіркеуге қою туралы куәліктің күші жойылды деп тануды және Ratel.kz сайты жұмысын тоқтатуды (тыйым салу), Ratel.kz және Balborsyk.kz домендерін тіркеу күшін жоюды және оларды интернеттің қазақстандық сегментінде осы атаумен немесе оның қайталайтын атаумен бір жыл бойы пайдалануға тыйым салуды, сонымен бірге, Марат Әсіповтің Ratel.kz және Balborsyk.kz порталы атауымен ақпараттық материалдарды таратуына тыйым салуды сұраған.

Марат Әсіповтің адвокаты азаматтық істі Медеу аудандық сотынан Алматы қаласы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына беру туралы өтініш білдірді. Өйткені бұл екі заңды тұлғаның – мемлекет атынан сотқа талап түсірген прокуратура мен жеке кәсіпкер "Қазақстан" (Balborsyk.kz) және жеке кәсіпкер "Бендицкий Г. Г." арасындағы дау деген уәж келтірді адвокат. Судья адвокаттың бұл өтінішін Медеу аудандық сотында сәуірдің 10-ына белгіленген азаматтық істі қарауға дайындық сатысы кезінде қарайтын болды.

ВИДЕО: Forbes Kazakhstan редакциясындағы тінту

Forbes Kazakhstan кеңсесін тінту
please wait

No media source currently available

0:00 0:01:12 0:00

Прокуратураның пікірінше, "Домендерді тіркеу, пайдалану және интернеттің қазақстандық сегменті кеңістігінде тарату ережесі" нормалары бұзылған. Атап айтқанда, Ratel.kz домені меншік иесі Геннадий Бендицкий қайтыс болғаннан кейін аталған сайтта материалдар жарияланған және Balborsyk.kz сайты Ratel.kz иесінің құқығын иемденіп алған деп санайды прокуратура. Бұдан бөлек, Ratel.kz интернет-ресурсы орналасқан аппараттық-бағдарламалық кешен Қазақстаннан тыс жерде орналасқан; ал Ratel.kz сайтын тіркеуге қою туралы куәлікте сайт материалдары орыс тілінде ғана шығады көрсетілгенімен, мақалалар орыс, қазақ және ағылшын тілдерінде жарияланған дейді талап иесі.

Сотқа дейінгі тыңдау аяқталғаннан кейін бұл жөнінде Алматының Медеу аудандық соты ғимараты жанында журналистерге өзін фрилансер ретінде таныстырған Вадим Борейко баяндап берді. Ол Ratel.kz басылымы өкілі емес екенін, бірақ әріптестерін қолдау үшін келгенін айтты.

"Әділ сөз" қоғамдық ұйымының жетекшісі Тамара Калеева Ratel.kz сайтына қарсы қозғалған қылмыстық және азаматтық істерге қатысты журналистерге сұхбат беріп тұр. Алматы, 5 сәуір 2018 жыл
"Әділ сөз" қоғамдық ұйымының жетекшісі Тамара Калеева Ratel.kz сайтына қарсы қозғалған қылмыстық және азаматтық істерге қатысты журналистерге сұхбат беріп тұр. Алматы, 5 сәуір 2018 жыл

Сот ғимаратына келген "Әділ сөз" баспасөзді қорғау қоғамдық ұйымының жетекшісі Тамара Калеева Азаттық тілшісіне Ratel.kz басылымына қарсы бір мезгілде қылмыстық және азаматтық іс қозғап, біріншісі бойынша әзірше тергеу басталып, ал екіншісі сотқа жетіп отырған қудалаудың қарқынына байланысты қатты алаңдайтынын мәлімдеді.

- Күндердің сәйкес келе қалуы, судьялардың едел-жедел қимылы, яғни жұма күні түскен арызды судьяның сенбі күні жұмысқа шығып қарап, ұйғарым шығарғаны – осының бәрі алаңдатады. Сот практикасын да, арыз, шешімдердің қандай қарқынмен орындалатынын да білеміз, ал мына жағдай [Ratel.kz басылымын сотпен қудалау] соттардың әдеттегі жұмыс қарқынына мүлде ұқсамайды, сондықтан танымал тәуеліз басылымды жою процесі күшейіп бара жатыр деген ойға жетелейді, - дейді Тамара Калеева.

Тәуекелдерді бағалау тобының директоры Досым Сәтпаев Ratel.kz сайтына қарсы қозғалған қылмыстық және азаматтық істерге қатысты сұхбат беріп тұр. Алматы, 5 сәуір 2018 жыл
Тәуекелдерді бағалау тобының директоры Досым Сәтпаев Ratel.kz сайтына қарсы қозғалған қылмыстық және азаматтық істерге қатысты сұхбат беріп тұр. Алматы, 5 сәуір 2018 жыл

Ratel.kz сайтында мақалалары жарияланып жүрген Тәуекелдерді бағалау тобының директоры Досым Сәтпаевтың Азаттыққа айтуынша, егер тиісті билік органдары Ratel.kz сайтын нысанаға шындап алған болса, оның «түбіне жетіп» тынады. Сарапшының сөзінше, әйтеуір журналистерді түрмеге отырғызып қоймаса, ол басылым қызметкерлері үшін алаңдамайды, өйткені олар "талай құқайды көріп, әбден ысылған әрі бұдан да қиын жағдайлардан құтылған адамдар". Бірақ, оның пікірінше, мемлекет Ratel.kz тәрізді танымал басылымдарды қудалау арқылы өз мемлекеттерінің мүддесін ғана көздейтін шетелдік басылымдардың тегеуірініне төтеп бере алмай қалуы мүмкін.

- Билік қазақстандық медиа-ойыншылар санын қысқартқан сайын медиа алаңымыз сыртқы ақпараттық соққыға соғұрлым осал бола бермек, - дейді Досым Сәтпаев.

Forbes Kazakhstan журналы бас редакторы Асқар Әукенов Ratel.kz басылымындағы әріптестеріне моральдық тұрғыдан қолдау танытуға келгенін айтты. Алматы, 5 сәуір 2018 жыл
Forbes Kazakhstan журналы бас редакторы Асқар Әукенов Ratel.kz басылымындағы әріптестеріне моральдық тұрғыдан қолдау танытуға келгенін айтты. Алматы, 5 сәуір 2018 жыл

Forbes Kazakhstan журналының бас редакторы Асқар Әукенов Азаттық тілшісіне бейсенбі күні сотта азаматтық іс қана қаралғанымен, Ratel.kz басылымындағы әріптестеріне тек азаматтық іске қатысты ғана емес, сонымен бірге қылмыстық іс бойынша да моральдық тұрғыдан қолдау танытуға келгенін айтты.

- Әлдебір формалды сылтаулармен "Рательді" шығаруға тыйым салу дұрыс емес деп санаймын. Егер қандай да бір себептер болса, бәрін дұрыстап ресімдеуді сұрап, мұны толығымен басқаша реттеуге болар еді, - дейді Асқар Әукенов.

Оның орынбасары Александр Воротилов Марат Әсіповке қатысты қаралып жатқан іске ұқсас қылмыстық іске куәгер ретінде тартылған. Әукеновтің сөзінше, бұл күні жұмыста болғандықтан Воротилов әріптестерінің азаматтық сотына келе алмаған.

Асқар Әукенов өзі басқаратын Forbes Kazakhstan журналының қазір тек қылмыстық іске "араласы" барын айтады. Ал азаматтық іске келсек, оның сөзінше, басылым жауапкер ретінде бұған дейін өткен сот шешіміндегі талаптардың бәрін орындаған, соның ішінде, басылымға салынған айыппұлды төлеген, даулы материалдарды жойған және оларда айтылғандарды теріске шығаратын ақпарат жариялаған.

Сотқа дейінгі тыңдауға арасында тәуелсіз басылымдар да бар бірнеше БАҚ өкілдері, сонымен бірге көптеген бақылаушылар келді, АҚШ елшілігі қызметкерлері де болды.

ВИДЕО: БАҚ редакцияларын тінту жайлы министрлер пікірі (3 сәуір 2018 жыл)

Министрлер тінтілген БАҚ туралы пікір білдірді
please wait

No media source currently available

0:00 0:01:44 0:00

Сәуірдің 2-і күні құқық органдары Қазақстанның бұрынғы мемлекеттік кіріс министрі, кәсіпкер Зейнолла Кәкімжановтің арызы негізінде "көрінеу жалған ақпарат тарату" бабы бойынша қозғалған қылмыстық іске байланысты қазақстандық екі басылымның Алматыдағы редакцияларында тінту жүргізген. Кәкімжанов Forbes.kz және Ratel.kz сайттарында соңғы жылдары өз қызметіне байланысты жарияланған бірнеше мақаланы "қара пиар" және "жалған ақпарат" деп санайды. Мақалаларда Кәкімжановтың "сыбайлас жемқорлыққа қатысы" туралы айтылады. Бұған дейін Кәкімжановтың азаматтық талаптарын қараған соттар оны жақтап, экс-министр жайлы мақалаларды жойып, жауапкерді шағым иесіне келтірген моралдық зиянды өтеуге міндеттейтін қаулы шығарған.

Азаттық тілшісімен әңгімесінде Марат Әсіпов қылмыстық іс бойынша өзінің күдікті, ал әріптестері Сапа Мекебаев пен Анна Калашникованың қорғануға құқығы бар куәгер мәртебесі бар екенін хабарлады.

Азаттыққа мәлім болғанындай, Ratel.kz сайты қызметкерлеріне қарсы бұған дейін түскен тағы бір арызды сот қарап жатыр. Наурыздың 19-ы күні Шымкент қаласының Абай аудандық соты Ratel.kz сараптамалық порталының тілшісі Динара Бекболованы "Акимат ЮКО платил за троллинг Габидуллы Абдрахимова" деген мақаласында Қылмыстық кодекстің 130-бабы 2-бөлімінде (БАҚ-ты пайдалану арқылы жала жабу) қарастырылған қылмыс жасады деп айыптаған азамат Сүйін Әбілдаевтың шағымы бойынша, журналистің мақаласынан алынған үзінділерге психологиялық және филологиялық сараптама жүргізу туралы қаулы шығарған.

XS
SM
MD
LG