Accessibility links

Асадтың авиациясы Хмеймимге көшірілді


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Сирия үкіметінің әскери ұшақтары Хмеймимдегі ресейлік әскери базаға көшірілген. Бұл туралы Лондондағы адам құқығын бақылаумен айналысатын сириялық топқа сілтеме жасап, француздық Le Figaro басылымы ақпарат таратты. Басылымның мәлімдеуінше, Сирия әскерінің бас штабы да басқа аймаққа көшірілген.

Ұшақтардың қауіпсіздігі бойынша еуропалық агенттік барлық әуе компанияларына Сирия үстімен емес Шығыс Жерорта теңізі арқылы ұшуға кеңес берді.

11 сәуірде Ақ үй басшысы Дональд Трамп АҚШ Сирияға зымыран шабуылын жасауы мүмкін екенін ескертті. Трамп 24-48 сағат аралығында нақты шешім қабылдайтынын мәлімдеген. Трамп шабуыл жасамас бұрын бірінші кезекте Париж және Лондонмен ақылдасатынын айтты. Бірақ Лондондағы ақпарат құралдарының жазуынша, Ұлыбритания премьер-министрі Тереза Мэй әскери іс-қимылға қосылу үшін Трамптан Сириядағы химиялық шабуыл жайында нақты деректер талап еткен.

Батыс елдері өткен сенбіде Сирияның Дума қаласына жасалған химиялық шабуыл Асад әскерінің ісі деп санайды. Дамаск мен Ресей бұл айыптауларды терістеп келеді.

XS
SM
MD
LG