Accessibility links

Қазақстан FIFA рейтингінде 17 саты жоғарылады


Венгрия-Қазақстан ойынынан көрініс. Будапешт, 24 наурыз 2018 жыл.

Халықаралық футбол федерациясы (FIFA) сәуір айының рейтингін жариялады. 12 сәуірде FIFA сайтына шыққан рейтингте Қазақстан 119-орында тұр. Наурыз айындағы рейтингте Қазақстан құрамасы 136-орында болған.

Алғаш рет Азия кубогына жолдама алған Қырғызстан құрамасы 40 саты жоғарылап, жаңа рейтингте 75-орынға шықты. Украина 30, Ресей 66, Өзбекстан 88-орында тұр.

Алғашқы ондыққа Германия, Бразилия, Бельгия, Португалия, Аргентина, Швейцария, Франция, Испания, Чили, Польша енген.

Қазақстан құрамасы 24 наурызда өткізген жолдастық матчта Венгрия құрамасын 3:2 есебімен жеңген. Осы жеңіс үшін Қазақстан рейтингіне 46 ұпай қосқан.

Пікіріңіз

Оқырман пікірлері

AzattyqTV

Минскіде "Шығыс Еуропа: баршаның қауіпсіздігі жолында" форумы өтеді
please wait

No media source currently available

0:00 0:02:39 0:00

Фотогалерея

XS
SM
MD
LG