Ресей Федерация кеңесінің мемлекет егемендігін қорғау жөніндегі уақытша комиссиясы "Ресейдегі президент сайлауына килікті" деген 12 ақпарат құралын тізімге алды деп хабарлады комиссия төрағасы Андрей Климовке сілтеген РБК.
Сенаторлардың ақпараты бойынша "сайлауға килікті" делінген БАҚ қатарында "Америка дауысы" радиосы, Азат Еуропа /Азаттық Радиосының (АЕ/АР) Орыс редакциясы (Радио Свобода), АЕ/АР жобалары - "Крым.Реалии", "Кавказ.Реалии", "Idel.Реалии", "Сибирь.Реалии", "Настоящее время" телеарнасы, BBC-дің Орыс қызметі, Deutsche Welle және француздың RFI радиосы бар.
Комиссия мамыр айында жарияламақ президент сайлауы туралы есебінде аталған БАҚ "сайлауға диаграмма, кесте және басқа да көрнекіліктер арқылы килігу мысалдарымен" көрсетілмек. Климовтің сөзінше, сенаторлар шетелден қаржыландырылатын және орыс тілінде хабар тарататын БАҚ жұмысына ғана талдау жасаған. Ол бұл тізімге CNN, Reuters және Bloomberg орыс тілінде хабар таратпайтындықтан енгізілмегенін айтады.
Климовтың айтуынша, біл тізім ескерту ретінде жасалған. Ол бұдан кейін егер олар "бұрынғы миссиясынан бас тартпаса" "БАҚ - шетел агенті" тізіміне енгізілетінін айтады.
5 желтоқсанда Ресей әділет министрлігі Азат Еуропа/Азаттық Радиосы, "Америка дауысы", "Настоцщее время" телеарнасы, Радио Свободаның Татар-башқұрт қызметі (AzatliqRadiosi), АЕ/АР-дің "Фактограф", "Idel.Реалии", "Кавказ.Реалии" және "Крым.Реалии" жобаларын "шетел агенті" тізіміне қосқан.
Оқи отырыңыз: Асыра сілтеген «қарымта»